ОҚО-да облыстық маңызы бар алты жол жаңаратын болады

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар алты автомобиль жолы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлінді.Атап айтқанда, осы жылдың екінші жарты жылдығында Сайрам ауданының орталығы Ақсукент пен Шымкент қаласын қосатын күре тамыр жол — облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-қала қоқыс орны» автомобиль жолының 10-18 шақырымы қайта құру жұмыстарынан өтеді. Жобаға сәйкес, қолданыстағы жолдың (7-9 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады.  Жолдың 14 шақымындағы («Эльнұр» тойханасының маңы) жер үсті темір жол өтпесінің жанынан екінші өтпе құрылысы жүргізіледі. Мұндай қайта құру жұмыстары Сайрам тұрғын алабы мен Шымкент қаласын қосатын облыстық маңызы бар КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 шақырымында да жүргізіледі. Онда да қолданыстағы жолдың (7 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*