ОҚО-да салық көздері қайта нақтыланып, тұрғындардың әлеуметтік мәртебелері анықталуда

Оңтүстікте тіркеуден өтпеген бірде бір жер учаскелері мен ғимараттар және көлік құралдары қалмауы тиіс. Бұл жұмыстарды алдағы бір айда толық бітіріп, салық түсімінің көздері нақтылануы керек.  Сондай-ақ өңірімізде міндетті әлеуметтік — медициналық сақтандыру жүйесіне насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет. Бүгін бұл туралы облыс әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап 175 ауыл округі әкімдігінің  дербес бюджетін енгізу жоспарлануда. Осыған орай аудан, қала әкімдеріне жер учаскелері мен  көлік құралдарын толық тіркеуден  өткізу тапсырылған болатын. Алайда облыс елдімекендерінде халықтың 55 мың 787 дана жылжымалы және жылжымайтын мүліктері тіркелмегені анықталған.  Оның 18 246-сы жер учаскелері болса, 13 379-ы ғимараттар, 24 162-сін  көлік құралы. 

«Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес анықталған жылжымайтын және жылжымалы мүлікті тіркеуден өткізу биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін белгіленген болатын. Алайда бүгінгі таңға Төлеби ауданында небәрі 17, Түркістан қаласында 94, Бәйдібек ауданында 64 учаске тіркелген. Түркістан қаласында 12, Төлеби ауданында 40, Бәйдібек ауданында небәрі 26 ғимарат тіркеуге алынған. Созақ ауданында 1 182 көліктен бірден бірі тіркелмесе, Отырар ауданында небәрі 26, шардара ауданында 81, Сайрам ауданында 1420 көлік құралдары тіркеуден өткен», — деді ооблыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сабитов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*