ОҚО-да 870 мыңға жуық адамның әлеуметтік мәртебесі анықталған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде міндетті әлеуметтік – медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мәлімдеуінше штаб шүшелері 838 кездесу ұйымдастырған. «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесідегі мәртебеңді анықта!» науқанында 2 млн. 801 мың адам тіркеліп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бүгінге дейін облысымыздағы 872 783 адамның 868 825-нің әлеуметтік мәртебесі анықталып, ақпараттық дерекқорға енгізілген. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2018 жылы енгізілетіндіктен тиісті жұмыстарды мерзімінде аяқтау маңызды.Екі мәселенің де жай-жапсарына қаныққан өңір басшысы аудан–қала әкімдеріне  нақты тапсырмалар жүктеді.

«Бүгінгі селекторлық мәжілісте көтерілген екі мәселе де өте маңызды. Елбасының тапсырмасы дер кезінде орындалуы үшін барлығымыз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Кемшіліктер орын алып отырған аудан әкімдеріне бір ай уақыт беремін. Осы мерзім аралығында барлық жер уаскелері мен көлік құралдары тіркеуден өтіп, нақты мәлімет анықталуы тиіс. Сондай-ақ медициналық сақтандуры жүйесін насихаттау жұмыстарын жандандыруды жүктеймін»,- деді Ж. Түймебав

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*