Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар 5 жыл қажеттілікпен қамтамасыз етіледі

Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік аймақтарында дәрігерлер мен фельдшерлер тапшы. Сонымен қатар, педагогтар мен ал ауыл шаруашылығы мамандары: механизатор, тракторист  сынды жұмысшы тапқа да сұраныс жоғары.«Осы бағдарлама аясында біз бұл отбасыларға 35 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша субсидия ұсынамыз. Ол әр отбасы мүшесіне 79000 теңгеден деген сөз. Сондай-ақ қызметтік тұрғын орын немесе үй беріледі»,-деді Екібастұз қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Д.Құрымбаева.

 Солтүстік аймақтарға қоныс аударушылар үшін аударушыларға мүмкіндік зор. Қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда азаматтың коммуналдық төлемдері мен басқа да шығындары өтелетінін айта кетуіміз қажет.  Сонымен қатар, субсидия көлемі Екібастұз қаласына баратындарға 25 айлық  есептiк көрсеткiшпен есептеледі екен. Ал, Железинск ауданында  40 мың теңге көлемінде ала аласыз.  Мұнан бөлек, арнайы келісімге сәйкес еліміздің теріскейіне барып қоныстанғандар, 5 жыл бойы  бүкіл қажеттіліктер қамтамасыз етіледі екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*