ОҚО-да жасырын кәсіпкерлікке тосқауыл қойылады

Оңтүстік Қазақстан облысында көлеңкелі кәсіппен айналысып жүрген азаматтардың қатары артып барады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациалық даму және туризм басқармасының мамандары мәлімдеп отыр. Олардың айтуларынша, өзін жұмыспен қамтамасыз еткен 503 мың жерлесіміздің 250 мыңы өз ісін заңды тіркемеген. Нәтижесінде, бюджетке келтірілген шығын көлемі орта есеппен 2,5 млрд. теңгеге жеткен.Бұл ақпарат «Оңтүстік Қазақстан облысы – климат үшін оңтайлы өңір» жобасын жүзеге асыру барысында анықталды. Тың бастама өткен жылы өңіріміздегі кәсібін дөңгелетіп жүрген жергілікті кәсіпкерлердің көбеюі үшін, оларды демеп-қуаттау мақсатында қолға алынған еді. Яғни, ОҚО әкімдігі мен «НұрОтан» партиясының қолдауымен облыстық прокуратураның қызметкерлері заңсыз әрекетті әшкерелеп, тиісті жұмысты атқаруға кіріскенін айт кетейік.

Облыстық статистика департаментінің дәйегіне сенсек, бүгінде бір ғана Оңтүстік өңірінде 215 317 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелкен. Оның 84% -ы белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл тиісті жасақтың 176 684-ын  құрайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*