Астана күні қарсаңында Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.«Сіздерді шын жүректен Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінен орын алған бас қаламыз өркениетті алып шаһарға айналып, Астанамыз болашағына бет түзеген байыпты азаматтардың мекеніне айналды. Еліміздің бас қаласы Астана, Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналуда. Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілгелі отырған бұл саябақ – қала тұрғындарының шаттық пен жандарына сая табатын демалыс орныны болатынына сенімдімін »,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрайды. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Сарыағашта Астана күніне орай мерекелік шара өтті
Сарыағаш ауданында Астана күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара болып өткенін айта кеткен жөн. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Қайрат Абдуалиев Астана күні мерекесімен барша аудан тұрғындарын құттықтап, мереке қарсаңында ауданымызда орындалып жатқан оң жұмыстарды айтып, демографиялық […]
ОҚО-да «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» деген тақырыпта форум болып өтті
2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және […]
ОҚО-да биыл 121 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған […]
Пікір қалдыру