Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында оңалту орталығы салынуда

Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар санының өсуі байқалады. Сондықтан өңірде профилактикалық іс-шараларды күшейтіп, мүгедектікке алып келетін патологияларды төмендету қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Сондай-ақ биыл Шымкент қаласындағы  құрылысы тоқтап тұрған 200 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аяқтау көзделіп отыр.  Республикалық бюджеттен құрылысқа бөлінген  1,1 млрд теңге  қысқартуға ұшырап, қазіргі таңда жобалық –сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілуде. Егер ғимарат құрылысы аяқталса, саладағы бірқатар қордаланған мәселелерді шешуге жол ашылмақ. 

Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Мұхит Отаршиев облыста 117 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар есепке алынғанына тоқталды. Өкінішке орай, олардың саны облыс халқының 4 пайызын, республикада тұратын мүгедектердің 18 пайызын құрап отыр.

«Есепке алынған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 31 мыңнан астамы тірек-қимыл қозғалысы бұзылғандар. 8 мыңнан астамы көзінен, 5 мыңға жуығының құлағының ақауы бар. 15 мыңнан астамы психикалық ауытқуы бар мүгедектер»,- дейді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*