ОҚО-да құрылыс мамандығында оқитын студенттер құрылыс алаңдарына кетті

 2004 жылдан бастап Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен келіссөз жүргізіп, студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттік құрылыс жасақтарын  еңбекпен қамту жұмыстарын дәстүрлі түрде жүргізіп келеді. Мәселен,  2013 жылы студент жасақтары қатарында 400, 2014 жылы — 458, 2015 жылы —  500 студент еңбекпен қамтылып, жазғы демалыстарын тиімді пайдаланған. Олардың орташа айлық жалақылары 50-70 мың көлемінде төленіп, күніне бір мезгіл ыстық тамақ берілген. «Жалпы  бүгінгі таңда облысымызда 12 жоғары оқу орны бар. Онда білім алып жатқан жастардың саны 70 мыңға жуықтайды. Биылғы студенттік жасаққа тартылған жастардың басым бөлігін Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылыс мамандығына оқитын студенттері құрап отыр. Шәкірттер алдын-ала университеттің арнайы өндірістік аймақтарында іс-тәжірибеден өтіп, құрылыс негіздері бойынша оқу курстарында білім алды»,- деді  М.Сейтжапаров.

Жиын соңында жасақ сарбаздары қай құрылыс нысандарында жұмыс істейтіндерінен хабардар болып, еңбектерін абыроймен атқаруға уәде етті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*