ОҚО-да «Жасыл ел» бағдарламасымен 1275 жас жұмыспен қамтылады

Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бастау алған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1000-нан аса жас жазғы еңбек лагерлеріне тартылса, осы жылдар ішінде 15 мыңға жуық жас маусымдық жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты басқармасының  басшысы Балмаржан Нарбекова хабарлады.Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдайлар жасау жайын баяндаған басқарма басшысы 2017 жылға республикалық бюджеттен 63,1 миллион теңге қаржы бөлініп, 1275 жас сарбаз кезең кезеңімен көгалдандыру жұмыстарына тартылғанын айтса, маусым айында 205 жас жұмыспен қамтылғанын жеткізгенін айта кеткен жөн.

 «Жасыл ел» еңбек лагерлеріне тартылатын жастардың басым бөлігі Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының және Шымкент аграрлық колледжі студенттері болса, аудан, қалаларда көбінесе жұмыссыз жас азаматтар тартылуда. Олардың орташа еңбек жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде»,- деді спикер.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*