Шымкентте бес жылда жеті бірдей жолайрық салынбақ

Шымкентте көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында алдағы бес жылда 7 бірдей жолайрық салынады. Соның ең үлкені – Бәйдібек би даңғылындағы алғашқысының құрылысы басталды.Түркістан қаласына қарай шығатын жолмен тәулігіне 109 мың көлік өтеді. Жолайрық салынған соң, күніне 150 мың көлік кедергісіз жүретін болады. Өйткені бағдаршам болмайды. Көліктердің бір бөлігі өткелмен жүрсе, екінші бағыттағылар астынан өтеді. Жолдың бір бөлігін жыл соңына дейін бітіру жоспарланған.

Жалпы қала аумағында жалпы 370 мың көлік тіркеуде тұр. Сондықтан жаңа жолайрықтар күн санап ұлғайып келе жатқан көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік береді, – дейді мамандар.

Ерлан Есіркепов, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
— Біраз жобалар бар. Сайрам-Жібекжолы бойындағы үлкен жолайрық. Одан кейін Бәйдібек би Арғынбекова, Бәйдібек би Астана, Бәйдібек би Төлеметова, Рысқұлова Қонаева. Одан бөлек бізде үлкен айналма жолда А2 деген жолдың жобалау құжаты әзірленіп жатыр. Онда да 1-2 жерде жолайрық болады. Соның бәрін 2018 жылы бастап, одан әрі қарай іске асыру жоспарланған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*