Түлкібаста «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 28 тұрғын үй салынбақ

Таулы Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген тапсырмалар биылдан іске асырыла бастайды. Түлкібас  ауданында бүгінгі таңда 1322 отбасы тұрғын үйге кезекке тіркелсе, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 2018-2020 жылдары 3 елді мекенде — Түлкібас, Састөбе поселкелерінде және Т.Рысқұлов ауылында 1472 пәтерлі 28 тұрғын үй салу жоспарланып жатыр.Сонымен қатар, Түлкібас ауданында халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына тікелей әсер ететін негізгі салалар қарқын алып дамып келеді. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді. Ауданда қазіргі таңда 3077 га бау алқабы болса, оның ішінде қарқынды  бау көлемі 230 га. Белгіленген жоспарға сәйкес, ауданда биылғы жылы 356 га жерге алма бау егілсе, оның 115 гектары қарқынды бау. Мұнан бөлек, жыл басынан бері Түлкібаста 10-15 басқа арналған 251 бірлік шағын мал бордақылау алаңы мен 5-10 бастық 81 бірлік жанұялық сүт фермасы және 600 бастық шағын құс фермасы  ашылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*