ОҚО-ның «Қазына» би ансамблі жеңімпаз атанған «Алтын Қаракөз» халықаралық байқауының мақсаты не?

Түркияның  Бурса шаһарында өткен  «Алтын Қаракөз» халықаралық байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан барған «Қазына» би ансамблі   жеңімпаз атанды.

Аталған би байқауының мақсаты — халықаралық өнер ұжымдарының бірегейін анықтау және өзара қарым-қатынасты арттыру болса, сайысқа қойылған талап деңгейі де күрделілігімен ерекшеленді. Би тобының сахна мәдениеті мен әрбір қимыл-қозғалысы, музыка ырғағымен байланысы мен өз мемлекетінің ұлттық нақышын бейнелейтін киім үлгісі қазылар алқасының назарынан тыс қалмады. Дода барысындағы егжей-тегжейлі зерделеу мен би тактикасының сәттілікпен орындау шеберлігін сараптау, кіл мықтылардың айрықша сипаттары мен өнер әлеміндегі биіктіктерін аңғартты.

Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, Бурса Муниципалитеті мен Түрксой Халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауына қатысқан «Қазына» би ансамбліне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдау білдірді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері Әжібекова Зәуре Бекембайқызының жетекшілігіндегі бірнеше халықаралық, республикалық би байқауларында жеңіс тұғырынан көрініп, күнгей өлкенің өміршең өнерін насихаттап жүрген би ұжымы бұл сайыста да қазақтың ұлттық өнерін паш етті.

ОҚО Мәдениет басқармасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*