ОҚО-дан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оқушылардың тоғызыншы легі аттанды

Бүгінде Шымкент қаласынан Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер маман бекітілгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Астанаға жеткен соң оқушылар Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестіріліп жатыр екен. Оңтүстіктен барған оқушылар Елордаға жасаған саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны – «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба – жеке аймағымен танысатын болады. Ал, екінші күнінде Астанамыздың бірқатар мәдени ошақтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Бейбітшілік және Келісім сарайына барады. Мұнан өзге, «Астана-Бәйтерек» монументалды ғимараты, «Президент» саябағы секілді ауқымды нысандарды аралайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*