«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін бүгінге дейін оңтүстікқазақстандық 2250 оқушы барып тамашалады

«Астана – ЭКСПО 2017» мамандандырылған көрмесіне барған оқушыларға бес күндік бағдарлама бекітілген. Онда балалар жол жүру билеттері мен 4 мезгіл тамақпен тегін қамтылды. Ал көрмеге барып, игі бастамаға қатысып қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға, қоғамға деген құрмет-құштарлығы еселенгенін байқауға болады. «Үлкен қобалжу үстіндемін. Күнгейден көрмеге келу – мен үшін мәртебе! Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Халықаралық мәдени шарада шетелдік өнертапқыштардың жетістігімен танысып, жаңа технологияның кең мүмкіндіктерін сараладым. Болашақта менің де ғалым болғым келеді. Елімнің игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, дамыған елдермен тереземіз тең болуы жолында қызмет ету – мақсатым», — дейді Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Мүсіретәлі. Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға ата-аналары мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Яғни, әзірге 2250 шәкірт айтулы көрмені тамашалап қайтқан болса, қалған 1400 оқушы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көрмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*