ОҚО-да биыл 121 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәліметінше, 2017 жылы өңірде құрылысы жоспарланған 196 нысанның 121-ін пайдалануға тапсыру көзделсе, қалғаны келер жылға өтпелі екен. Ел игілігіне берілетін нысандардың 29-ы білім беру нысаны болса, 34-і денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 3-уі мәдениет саласына байланысты, ал 42 нысан 61 тұрғын үй ғимараттарына жатады. Сонымен бірге, 8 объекті инженерлік инфрақұрылымға, 1 нысан моноқалаға, 1-уі ауыл шаруашылығы, 1-уі абаттандыру саласына қатысты және 1-уі қоршаған ортаны қорғау нысандарына жататын ғимараттар болып табылады. Ал жыл басынан бері осы 121 нысанның 15-і қолданысқа берілген. Олардың 5 нысаны білім беру объектісі, 4-уі денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 1-уі тұрғын үй болса, 1-уі қоршаған ортаны қорғау және 3-уі инженерлік-коммуникациялық нысандар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*