ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Тұрғын үй бағасын арзандату қажет

Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша арнайы тоқталған басқарма басшысы биыл 10879 пәтерлі 226 тұрғын үйдің (ауданы 737,6 мың ш.м.) құрылысы жүріп жатса, жыл соңына дейін соның 6375 пәтерден тұратын 115 үйі (ауданы 388,7 мың ш.м.) кезегін күткен қожайындарына тапсырылмақ.Облыс әкімі Шымкенттегі көп қабатты үйлер құрылысын көбейту қажеттігіне тоқталды. Ол үшін тиісті қаржы көздерін көптеп тарту керектігін айтқан Жансейіт Қансейітұлы баспаналарды саларда сапасы мен сәулетіне, үй ішінің жобасына мән беруді тапсырды. «Тұрғын үйлерді салуда отбасын құрмаған бойдақ азаматтар үшін бір, бір жарым бөлмелі пәтерлерді көбейту қажет. Сонымен бірге, отбасылық және студенттік жатақханалардың санын арттырып, студенттер үшін арнайы қалашық бой көтеруі керек. Ал үй құрылысында жаңа тәсілдерді қолданып, өзімізде өндірілетін заманауи, сапалы материалдарды кәдеге жаратуды бастаңыздар. Ең бастысы, тұрғын үйлердің бағасын халықтың қалтасына қонымды болатындай есептеп, оны арзандату жағын қарастырыңыздар», — деді Ж.Түймебаев.
Сондай-ақ, жиында әкім әлеуметтік нысандарға жататын мектеп, балабақша, медициналық мекемелерді саларда дайындалатын жобалық сметалық құжаттарды (ЖСҚ) әзірлеуде құжаттардың ұзақ мерзімге созылатынын сынға алды. Бұл ретте, арнайы бекітілген стандарттар негізінде жұмыс істеуді қатаң тапсырған өңір басшысы халыққа тезірек қолайлы жағдай жасау мәселесін естен шығармауды ескертті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*