ОҚО-да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мәжілісі өтті

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» мәжілісі өтті.

Мәжіліс отырысына облыс әкімінің орынбасары, кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Күн тәртібіне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Әліповтің «Облыстағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы» баяндама жасады, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Нарбекованың, Мақтарал, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласы әкімдері орынбасарлары Б.Төребековтің, Қ.Қыстаубаевтың, Р.Айтбаевтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2016 жылы және 2017 жылдың алғашқы 6 айында атқарған жұмыстары туралы есептері және Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және 2016 жылы және 2017 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы П. Жаппарқұловтың есебі тыңдалды.

Кеңес отырысы барысында жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық сектормен келешекте атқарылатын жұмыстары бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*