«Сізге көп кітап оқу керек қой, ауылбай тілде сөйлеп отырсыз» деп инстаграмда оқырмандар Тұрсынбектің әйеліне ұрысты

Қазірде «инстаграм» әлеуметтік желісінде Қазақстандық өнер жұлдыздары көптеп отыратын болған. Олар, онда тек өздерінің өнердегі жаңалықтарымен ғана бөлісіп қоймайды. Қай концертке барып ән салып, қай дәмханадан тамақтанғанын, тіпті қай елге барып демалғанын да жазып отырады. Соңғы кездері, сол жұлдыздар іштері пысса тіпті тікелей эфирге шығып болмашы дүниелерді көп айтатын болған. Мәселен жуырда,  әйгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жары, Мөлдір ханым «инстаграмның» тікелей эфиріне үйінің асханасында отырып қосылып, болмашы әңгімелер айтып еріккен болатын. Соның салдарынан Мөлдірге көптеген оқырмандар дөрекі сөздер айтып ұрысып тастады.Нақтырақ айтқанда, akbobekjanaevna есімді аккаунт иесі «Сізге көп кітап оқу керек қой, ауылбай тілде сөйлеп отырсыз» деп пікір қалдырса, оны guljan_kamaldin есімді қыз «дұрыс айтасың, тіл байлығы жоқ» деп қолдай түскен. Ал, saken_684 аккаунты «Тұрсынбек жоқ болған соң отыр да» деп пікір қалдырыпты.  

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*