ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз бірінші ішкі туризмді дамытуымыз керек

Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев сөз алып, өңірдегі туризм саласын дамыту мәселесіне кеңінен тоқталып кетті.Өңір басшысының айтуынша, облыстағы тарихи, киелі жерлерде сервистік қызмет көрсету деңгейі төмен. Қарапайым ғана қол жуып, әжетке баратын жерлер қарастырылмаған. Біз оған күні бүгінге дейін аса назар аудармағанымызбен шеттен келген қонақтарға бірден байқалатын олқылығымыз.

Оңтүстіктегі тағы бір мәселе, облыс орталығында жоғары деңгейдегі қонақтарды алып баратын ұлттық асхана жоқ. Шымкенттің көп жерінде шығыс асханасы қаптаған. Бұл да кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселе. Мұнан соң, өңірде ішкі туризмнің ақсап тұрғанын әкім тілге тиек етті.«Мақтааралдың балалары Ақсу-Жабағылы қорығына келмеген. Мен білім, жастар басқармаларына тапсырам бердім. Біз бірінші кезекте ішкі туризмді дамытуымыз керек. Сонда ғана сыртқы туризм дамиды» деді Жансейіт Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*