ОҚО-да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған 4 бағдарлама жүзеге асып жатыр

Елбасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, «біз 2017 жылдың басында үшінші жаңғыруды жарияладық.  Саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды мақсатқа жету үшін  санамыз ісімізден оза жүріп, үнемі жаңғырып жүру керек. Және де осы жаңырудың өзегіне айналу керек» деп көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда, жоғары кеңсе өз жұмысын қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі республикалық басқарушы кеңестің бекіткен концепциясына сәйкес жұмыс жүргізіп жатыр. Республикадағы 6 бағдарламаның 4-нің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысында айтылды.

Олар, «Туған жер» бағдарламасы, «Қасиетті Қазақстан», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» және «100 жаңа есім» жобалары. Қазірде Қазақстаннның киелі жерлері географиясы  жобасы бойынша, 100 жоба іріктелгенін айта кету керек. Олар «Қасиетті Қазақстан» орталығының басшысы Берік Әбдіғанидің қатысуымен арнайы талқыланып, мақсаттар нақтыланған. Сондай-ақ, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» шеңберінде  өнерпаздарымыз түрлі республикалық, халықаралық, шараларға қатысып келеді. Бұл тұрғыда еліміздің мәдениетін кеңінен насихаттау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ал, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4 кіші бағдарлама белгіленген. «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны».

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*