ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен  жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру емес, нақты өлшемді, қолжетімді, өзекті уақытылы, критерийлері бар смарт мақсаттар жобалары арқылы жүзеге асырылмақ. Бүгінгі таңда жобалық менеджмент жүйесін ҚР Бас прокуратура қолға алып,  жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтежиесі жөнінде ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың Ақорда да жасаған баяндамасымен оңтүстіктегі кеңсе мамандары толықтай танысқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысында айтылды.«Бүгінгі таңда «Туған жер» бағдарламасының 4 жобасы бойынша, 95 жоба республикалық кеңсеге жолданды. Соның ішінде 80 жобамыз республикалық жобаға еніп отыр. Жалпы жобаларды жүзеге асыру үшін 2022 жылға дейін 16,2 миллиард теңге құрайтын бюджеттен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.  Ал, кәсіпкерлер, демеушілер есебінен 2017-2018 жылға 2,3 миллиард құны теңгені құрайтын 200-ден астам жоба жүзеге асырылады» дейді облыстық әкімдігі аппаратының бас инспекторы Бақытжан Әшірбеков.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*