ОҚО-да жүзеге асатын «Нан қасиеті»,»Ажарлы үй ырысты» жобалары жайлы не білесіз?

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы шеңберінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдық пен астамшылдыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында, «Нан қасиеті» жобасы жүзеге асырылмақ.  Жоба шеңберінде  айына 2-реттен жыл бойы 24 бағдарлама түсіру жоспарланып отыр. Ол бағдарламалар да түрлі форматта өтеді. Бірі ток-шоу болса, енді бірі табиғат аясында немесе дастархан басында жүзеге асырылмақ. Бұл жобаға зиялы қауым өкілдері, имамдар мен диетолог мамандар да шақырылып қатысатын болады. Олар дастархан жаю әдебін, қонақ күту тәртібі жайлы айтып ұлттық салтымызды кеңінен насихаттайтын болады. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысында айтылды.Ал, «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Ажарлы үй ырысты» деген жоба басталды. Мақсаты, таза, көрікті үйдің ырысы мол болады деген ұстанымды  алға тартатын болады. Мәселен, Шымкент қаласының өзінде бүгінде көптеген зәулім ғимараттар соғылғанымен олардың сырт келбеті сын көтермейді. Шарбақтарын, қоршауларын реттемеген, үйінің алдына жүргізген құрылыс материалдарын көше бойына жинап қойған. Осыған орай, 2016 жылдың желтоқсан айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі абаттандыру қағидасы бекітілген.  осы қағидаға сәйкес әрбір жеке және заңды тұлға  өзінің шарбағын, қоршауын, сыртын әктеп сырлауға міндетті. Іргелес аумағын таза ұстауға міндетті. Ал, ол тәртіпті бұзған азаматтарға  айыппұлдар көзделген. Осы талапты сақтамаған азаматтардың барлығына ескерту қағаздарын таратып, соны реттеу көзделіп отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*