Шымкенттен шығатын трансформаторлар ТМД елдеріне экспортталмақ

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Asia Trafo» ЖШС-нің трансформатор зауытында құрастырылған қуат реттегіштер ТМД елдеріне экспортталатын болады.  Өйткені, ол трансформаторлардың сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болмақ.Оның үстіне зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын  қанағаттандырады деп күтілуде.  «Өндірілетін өнім шетелдік кәсіпорындарға шынайы бәсекелестікке төтеп бере алады»,- дейді мамандар. Сонымен қатар «Asia Trafo» ЖШС өз өнімдерінің 50 пайызын ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Зауытта «High volt», «Knutch» (Германия), «Tuboly astronic», «Mika fluit» (Швейцария), «Hikon» (Хорватия) және басқа (Түркия, Қытай) фирмаларының жабдықтарын қолданатын болады.Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс жобасының барысымен арнайы танысып,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

 «Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл өте жақсы дүние. Ең бастысы – қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн»,- деді Жансейіт Түймебаев.   

Айта кетейік, кәсіпорынның құрылысы 2016 басталған. Қолданысқа 2018 жылдың екінші жартысында беріледі деп жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*