ОҚО-да ағасы інісіне бауырының жартысын бөліп берді

Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында кезекті бауыр алмастыру отасы сәтті өтті. 28 жастағы Рауан Әбеновтің осыдан 3,5 жыл алдын бауыры сыр берген. Елемей жүре берген ғой. Ақыры, бауыр церрозына шалдығып Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында келіп түседі.

Мұндағы дәрігерлер бірден бауыр трансплантациясын жасау қажеттігін айтады. Рауанның өзінен 7 жас үлкен ағасы бауырана бауырының жартысын бөліп беруге келіседі. Күрделі ота 11 шілде күні жасалған. Қазір науқастың да, донордың да жағдайы жақсы. 
Айта кету керек, Мәди Биғалиев басшылық ететін ауруханада осы күнге дейін 9 бауыр, 88 бүйрек алмастыру отасы жасалған. Қазір барлығының жағдайы жақсы.
Бүгінде облысымызда 500 адам бауыр жетіспеушілігімен есепте тұрады. Олардың басым көпшілігінің бауырын ауыстыру қажет. Дәрігерлерді айтуынша бауыр церрозының туындауына гепатит С, гепатит В аурулары себеп болады. Ал адамға гепатит негізінен тіс емханаларында, кездейсоқ жыныстық қатынасқа түскенде жұғады екен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*