ОҚО-да 34 нысанды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыру жоспарлануда

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитовтің айтуынша,  жалпы облыстық әкімдіктің бастамасымен 34 жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы іске асыру жоспарланған.  Заң талаптарына сәйкес тиісті құжаттары рәсімделген 18 жобаның тізбесі облыстық мәслихатпен бекітіліпті.«Биылғы жылы 34 жобаның 11-іне  конкурс жарияланды. Оның 1-уі  білім, 3-еуі спорт нысаны. Байқау қорытындысы 4 — тамыз айында анықталады. 4 жобаның конкурстық құжаттамалары әзірлену үстінде. Тиісті сараптама қорытындылары алынғаннан кейін тізбесін бекіту үшін облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныс берілетін болады. Бұдан бөлек, 12 жобаның тұжырымдамасы дайындалып, жыл соңына дейін тиісті сараптама қорытындыларын алу көзделіп отыр»,- деді басқарма басшысы Арман Сәбитұлы.

Өңір басшысы мемлекеттік-жекешілік әріптестікті дамыту мақсатында облысымызда мемлекет тарапынан бөлінетін 95 млрд. теңгенің көлеміндегі жобаларды әзірлеуге шақырды. Бұл ретте әкім балабақшалар мен спорт кешендерін, футбол алаңшалары және отбасылық, студенттік жатақханалардың құрылыс жүргізуге кеңес берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*