«Ақ бидай» VІ-ауыл спорт ойындарында Түлкібас ауданы І-орынды иеленді

2017 жылғы 11-15 шілде аралығында Шымкент қаласында , спорттың 7 түрінен өткізілген «Ақ бидай» VІ-ауыл спорт ойындары өз мәресіне жетті. Атап айтар болсақ кіші футбол, волейбол(ұлдар,қыздар), тоғызқұмалақ, қазақ күресі, гир көтеру, қол күрес және президенттік көпсайыстан өзара кім мықтыны анықтады. Жарысқа Түлкібас ауданынан осы аталған 7 спорт түрлері бойынша 75 адамнан құрама команда жасақталып аймақ намысын қорғаған еді.4 жылда бір рет өткізілетін тартысты өткен жарыс нәтижесінде аудан құрама командалары кіші футбол, волейбол (қыздар), президенттік көпсайыстан І-орынды және қазақ күресі, тоғызқұмалақ және гир көтеруден ІІІ-орынды иеленіп, жалпы командалық есепте Түлкібас ауданы командасы жүлделі І-орынды иеленіп қайтты.Осы байрақты бәсекеде орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Н. Тұрашбеков қабылдап, жеңістерімен құттықтап, өз алғысын білдірді. І-орынды жеңіп алған спортшыларымыз алдағы уақытта қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өткізілетін республикалық «Ақ бидай» VІ-ауыл спорт ойындарына қатысып, облыс намысын қорғайды.Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Кіші футбол І-орын
Егзеков Батыр
Серікбаев Ержан
Бекдазым Таурат
Сейдан Есімхан
Керімқұлов Бауыржан
Үмбеталы Айдос
Халмұхамед Ержан
Сағындықов Дастан
Елемес Керімжан
Құдайбергенов Жасұлан
Мамыров Самет команда жетекшісі

Волейбол қыздар І-орын
Камон Жансая
Сабырова Розахан
Әбдисаматова Мияссар
Қалымхан Жанат
Жақсыбек Айдана
Баратова Мухлиса
Көбеев Омархан команда жетекшісі

Президенттік көпсайыс командалық есепте І-орын
Бердібеков Әди 1 орын
Бекдазым Таурат 1 орын
Керімқұлов Бауыржан 1 орын
Қазбекова Әсел 1 орын
Красноносва Анастсасия 1 орын
Сихымбаева Шолпан 3 орын
Мыңжасарова Қалдыкүл команда жетекшісі

Тоғызқұмалақ командалық есепте ІІІ-орын
Сейдімек Жанәсіл 1-орын
Кәдірқұл Балнұр 2-орын
Сабаева Балнұр 3-орын
Айтқұлов Дәулен команда жетекшісі

Қазақ күресі командалық есепте ІІІ-орын
Есімбаев Оралхан 2 орын
Жүрсінбаев Батырхан 2 орын
Дәрібаев Дархан 3-орын
Нұржігіт Асылхан 3-орын
Рашов Бақытжан команда жетекшісі

Гир көтеру командалық есепте ІІІ-орын
Алпамыс Рүстем 3 орын
Жантореев Олжас 3 орын
Касимов Дамир 3 орын
Қол күрес
Апасхан Абылайхан 3 орын
Намазов Эльбрус 3-орын
Алпамысов Рүстем команда жетекшісі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*