Мақтааралдық кісіпкер өз аулына қақпа салды

Мақтарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында «Есен» шаруа қожалығының демеушілігімен қақпа тұрғызылды. Бүгінде жергілікті жəне Республикалық арналар мен ақпараттық агенттіктер, газеттер жарыса жазып жатқан М-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің бойында орналасқан ауыл осылайша көркейіп келеді.Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келетін кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» — дейді. Елбасымыздың дәл осы сөзін басшылыққа алған кәсіпкер туған жеріне осындай тарту жасады.Қанат Есенұлы тұрғызған қақпада ҚР-ның туы, шаңырақ, Мақтарал ауданының логотипы бейнеленген, сондай-ақ қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірлген. Айта кетейік, «Өргебас» ауылында тағы бір кәсіпкер түлектің демеушілігімен мешіт салынып, жуырда ел игілігіне пайдалануға берілмекші.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*