Шардарадан 20 әлем чемпионы шыққан

Шардарада қол күрестен әлемдік деңгейдегі ең мықты спортшыларды тәрбиелеп шығарып отырған қол күрес мектебінің іргесі сонау 2001 жылы қаланған болатын. Содан бергі өткен 16 жыл аралығында осынау мектептен Шардараның атын шартарапқа танытқан көптеген палуандар шықты.2001-2017 жылдар арасында Шардара аудандық армрестлинг федерациясы спортшыларының жеткен жетістіктеріне бір сәт назар аударалық. Осы жылдар бедерінде 20 әлем чемпионы, 23 әлем чемпионатының жүлдегерлері, 19 әлем кубогының иегері, 132 Азия чемпиондары, 77 Азия чемпионатының жүлдегерлері, 27 Азия кубогының иегері, 235 Қазақстан Республикасының чемпиондары, 300 Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегерлері, 151 Халықаралық турнир жеңімпаздары шыққан болса, солардың ішінде 53 азамат Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 100 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 550 спорт шеберлігіне үміткер, 2 Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы атағын иеленгенін айта кеткен жөн. Аядай ғана Шардара ауданындағы армрестлинг спортының осы жетістігін салыстыратын болсақ, кейбір облысатғы нәтижелерден көш ілгері екенін байқау қиын емес. Бұл жеңістің даңғыл жолын салған Арман Қарсыбаев екенін де айтпай кетуге болмас. Бүгінде ол қол күрестен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*