Шардара — жеңімпаздар мекені!

Шардара ауданында қол күресінің негізін қалаған Арман Қарсыбаев бүгінгі таңда аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылық жасайды. Жыл сайын облыстағы үздіктердің қатарынан көрінетін аудандық дене шынықтыру және спорт саласы өткен алты айдың өзінде ауыз толтырып айтатын жетістіктерге жетіп үлгерді. Атап айтар болсақ, облыстық чемпионатта 221 шардаралық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.Республикалық чемпионатта 45 чемпион, 53 жүлдегер шығып үлгерді. 23 Азия чемпионатының, 13 Халықаралық турнирлердің жеңімпазы шықса, әлем чемпионатында 1 шардаралық спортшы чемпион атанды. 3 спортшы әлем кубогының иегері болды. 75 спортшы спорт шеберлігіне үміткер атағын орындаса, 7 азамат спорт шебері, 5 спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді. Бұл Шардара ауданы үшін алақайлап айтатын жетістік. Әрине, бұл жетістіктің бәрі оңайлықпен келе салмайтыны белгілі. Шелектеп тер төгудің, жалынды жігер мен намыстың, ең бастысы туған жердің атын асқақтатсам деген отансүйгіштік қасиеттің арқасында келетін жетістік дер едік.Енді міне, көркейту-көгалдандыру жұмысына да спортшылар қауымы өздерінің үлестерін көрсетіп, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп жатыр. «Чемпиондар аллеясы» әсіресе, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор орын болары сөзсіз. Олар даңқты спортшы аға-әпкелерінің есімдерін осы жерден көріп, болашақта соларға қарап бой түзейтін болады. Олар салауатты өмір салтын жанына серік етіп, мемлекетіміздің алға қарай дамуына атсалысатын ұлтжанды ұрпақ болып өсетініне сеніміміз кәміл.
«ShardaraArmsport — news».

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*