Шардарада «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 30 жас жұмысқа тартылған

2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» бағдарламасы кең қанат жайды. Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат тұтады. Ұйымның басты мақсаты — жастардың көмегімен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Осы бағытта Шардара ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағына 2015 жылы 57 сарбаз тартылса, 2016 жылы 20 сарбаз, 2017 жылы 60 сарбазды жұмысқа тарту жоспарланған болса, қазіргі таңда 30 сарбаз Тұңғыш Президент, Тың игерушілер және Тәуелсіздік саябақтарында жұмыс атқаруда.
«Таза болса маңымыз сау болады тәніміз»- деп дана қазақ халқы айтпақшы, «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септіктерін тигізіп, тазалық барысында игілікті істердің үлгісі болуда. Қоғамға пайдасын тигізу тұрғысында аянбай қалатын жасақшыларымызға алдағы уақытта іске сәт демекшіміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*