Кентауда пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында шағын футбол турнирі өтті

Кентау қаласында «Жемқорлықсыз болашақ, біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» атты ұранымен қаламызда алғашқы рет Кентау қалалық пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің басшысы С.Сартбаевтың басшылығындағы ұжым мүшелері жарысқа белсене қатысып, жарыстың қызықты да тартысты өтуіне атсалысты. Аталған жарыстың бұрынғы жарыстан ерекшілігі, пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында салауатты өмір салтын ұстанып,өмірдің дұрыс бағытын таңдауға сотталғандардың арасында спортқа деген қызығушылықты жоғарлату,сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында алғаш рет өткізілуі. Жарыстың бас төрешісі А.Нуримбетов жарыста өрескел ойын бұзушылықтар, дөрекі сөздер сөйлеу, футбол ережесіне қарсы келетін жат қылықтар орын алмағанын жеткізді. Осы жарыста қарсыластарына 9 гол соққан Исаев Атабек үздік ойыншы атанды. Жарыс жеңімпаздарымен жарысқа қатысушыларға дипломдармен арнайы дайындалған бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жарысты өз спорт кешенінде өткізуге келісімін берген жеке кәсіпкер Кулданов Муратқа алғыс білдіреміз!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*