ҚР Парламент сенатының депутаты Әли Бектаев, кентаулықтармен кездесті

Кентау қаласында ҚР парламент сенатының депутаты Ә.Бектаев келді. Сенат депутаты алдағы сенатта қаралатын мәселелерді халық арасында алдын ала талқылап, зерделеу үшін өз сайлаушыларымен кездесті.Жиынға қала әкімі Ә.Мақұлбаев, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымның мүшелері, қоғам мүшелері және қала жастары қатысты.Аталмыш жиынды қала әкімі Ә.Мақұлбаев жүргізіп отырды. Алғы сөзді алып мінберге шыққан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитетінің мүшесі Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Елбасы Н.Назарбаевтың халыөққа жолдаған жолдауы мен экономикалық жаңғыру аясында жасалынған мақсаттар, сондай-ақ рухани жаңғыру мақаласына тоқталып, жаң-жақты талқылап өтті. Сенат депутатына жергілікті депутаттар, ардагерлер, ақсақалдар және қала жастары тарапынан бірқатар ұсыныс, сауалдар жолданып, қанағаттанарлық жауаптар берілді. Заң аясында орын алатын ұсыныс, пікірлерді жоғарғы жаққа жеткізіп, жүзеге асуына ықпал жасайтынып атап өтіп, Кентау қаласы ерекше қала екенін, сондай-ақ біршама атқарылған жұмыстарға оң пікірін білдірді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*