ОҚО-дағы №3 ОРМБЖСМ-де шыңдалған шәкірттер жарап тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында Спорт саласының білікті маманы Дүйсен Мергенбаев басқаратын олимпиада мектебі жарап тұр. Жуырда осы мектептің карате шеберлері Астанада өткен Азия чемпионатынан жүлдемен оралған болатын. Енді міне, тағы да чемпиондар қатары толыға тұсті.Атап айтқанда, Дзюдо күресінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер және 1997-1999 жылдарда туылған жастар арасында Азия чемпионаты Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бишкек қаласында өтті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы №3 ОРМБЖСМ-нің дзюдошылары өз мықтылықтарын танытып, жоғары көрсеткіштер көрсете білді.Айта кетер болсақ: Жасөспірімдер құрамасында — Давлатов Шерзод 50келгі дейінгі салмақта І-орыннды жеңіп алса, Құлым Сара 40 килоға дейін салмақта өнер көрсетіп, ІІІ-орыннан көрінді. Сонымен қатар, жастар арасында Абдулла Еркебұлан ІІ-орынға ие болғанын да айта кеткен жөн. Спортшыларымызға алдағы өтетін Әлем Чемпионатында да осындай биіктен көрінуіне тілектеспіз!!! Дүйсен Мергенбаев шәкірттерінің ендігі биігі Алдағы жылғы Аргентинада өтетін олимпиада болмақ!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*