Шымкент қаласында пәтер иелерінің кооперативтері құрылады

Алдағы күзде Шымкент қаласы мегаполиске айналмақ. Осы орайда шаһардың даму жоспары мен  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына аса мән беріліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау, санитарлық ахуалын жақсарту басты назарға алынған болатын.   Аталған тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен жиында тағы бір пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.Облыс басшысының Шымкент қаласының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде облыстық Энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Марғұлан Марайым баяндады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй қорын күтіп ұстау, үй тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің бірі.  Шымқаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі 1930-1990 жылдар аралығында пайдалануға тапсырылуына байланысты олардың тозу деңгейі жоғары болып отыр. Басқарма басшысы  көпқабатты үйлерді кондоминиум ретінде тіркеу, басқару органын құру, күтіп ұстау, сақтау жағдайын сөз етті. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Шымкент қаласында биыл 67 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу  жоспарлануда. Қала әкімдігі тарапынан 21 үйдің  жобалау сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен 229,6 млн. теңге қарастырылды», — деді Марғұлан Марайым.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*