Шымкенттегі 293 көпқабатты үй әділет органдарына тіркелмек

Оңтүстік Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Марғұлан Марайым, Шымкент қаласы бойынша 1992 көпқабатты тұрғын үйдің 293-ін әділет органдарына тіркеуді  қадағалап, ұйымдастыру жұмыстарын басшылыққа алуды ұсынды. «Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында пәтер иелерінің келісімімен кондоминиум объектісінің басқару органы немесе пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы қажет.  Бүгінгі күнге 1120 үйге 17 басқарушы компаниялар қызмет көрсетуде. Бұл әлі де аз. Сондықтан осы саладағы жұмыстарды жандандыру керек. Сондай-ақ қаланың қысқы жылыту маусымына даярлығына әзірден бастап кіріскен абзал», — деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.Жиын барысында  тұрғын үй, санитарлық тазалық, көріктендіру, табиғи газ пайдалану, сапалы электр энергиясы, ауыз су, канализация, жылумен қамтамасыз етудегі  жұмыстардың барысы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін сервистік және басқару компанияларын құру жайы да сөз болды. Жыл басында қалада бар жоғы 9 сервистік компаниялар болса,   бүгінгі күнге олардың саны 17 жетіп, 1120 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*