ОҚО халқының саны соңғы жарты жылда 25 мыңнан астам адамға артқан

2017 жылғы 1 — маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы  халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков  мәлім етті.«Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1- орында. Ағымдағы жылдың бес айында облыс туу бойынша республика  деңгейінде алдыңғы қатарында көрінді. Оның үлесі 20,2 пайызды немесе   31 409 баланы құрады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1 076 ұл бала туылды. Бұл  жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы сақталуда»,- деді Айдар Ахметбекұлы. Халықтың жалпы санының өзгеруі тікелей табиғи өсім, яғни халықтың туылғандар мен өлгендер санының өзгеруі және көші-қон өсімі әсер етеді. Облыста 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында  халықтың табиғи өсімі 25 234 адамды құраған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*