Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді

Мақтаарал ауданының тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан Республикасының электр желілері пайдаланыла бастады. Нақтырақ айтсақ, Мақтаарал ауданы Қазақстанның солтүстігінен тасымалданатын электр жарығын Өзбекстан электр желілерін пайдалану арқылы қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Бұл   келісімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ағымдағы жылдың 23 ақпанында Ташкентте өткен үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысында қол жеткізген болатын. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары  мен өндірістік кәсіпорын тұтынушылары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп отыр.Екіжақты келісімге сай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Мақтаарал  ауданы аумағында  6,32 шақырым  110 кВтық электр желісінің құрылысын жүргізіп, 110 кВтық қосымша ұяшық орнатыпӨзбекстан Республикасының «Феруз» электр желісіне қосылдыЖүзеге асқан жоба негізінде электр желілері арқылы 60 МВт-қа дейін электр энергиясын тасымалдауға мүмкіндік бар. Айта кету керек, қазіргі таңда  Өзбекстан Республикасы электр желілері арқылы Қазақстан Республикасының   солтүстік өңірінен қажеттілікке байланысты 21 МВт электр энергия тасымалдануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*