Шымкенттің орталық стадионын «прожектормен» жарықтандыру жұмыстары басталды

Шымкент қаласындағы «Қажымұхан» атындағы орталық стадионы жарықтың болмауына байланысты футбол матчтарын өткізу құқығынан айырылған болатын. Осының салдарынан «Ордабасы» командасы Еуролига ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды. Еліміздегі үшінші ірі стадионның жарық қондырғылары 50-жылдан бері алмастырылмаған екен. Енді ЕУРО талаптарына сай заманауи электр қондырғыларымен жабдықтау жұмыстары басталды. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жарық мәселесі жергілікті командалардың өз алаңындағы ойындарын өткізуге аса көп кедергі жасады. Қазақстанның футбол лигасы орталық стадионда ойындар өткізуге тиым салған соң «Ордабасы» өз кездесулерін амалсыз жарығы жоқ БИІК алаңқайында өткізуге мәжбүр болды. Бұл жанкүйерлердің жүйкесіне тиіп ызасын келтірді. Стадионның жарықтандыруы үшін өткен жылы арнайы тендер ұйымдастырылған болатын. Алайда жеңімпаз компаниямен тапсырыс берушілер торқаа келіспеушілік туындап,екі арадаға дау сот арқылы біраз уақытқа созылды. Енді міне соттың шешімімен мемлекеттік бюджеттен бөлінген 204 млн 460 теңге қаржыны игеру үшін «Спектр энерго» компаниясы монтаж жұмыстарын қызу бастап кетті. Бүгін жаңалықтың жаршысы болып жүретін жергілікті бұқаралық ақпарал құралдарының өкілдері монтаж жұмыстарының басталғанына куәгер болысты.«50 жыл бойы жөндеу көрмеген электр жұмыстары УЕФА талаптарына сай басталды. Ол үшін бір мезетте бес түрлі жарық бере алатын арнайы прожекторлар алынды.Айталық футбол матчтарына арналған жарық сәулесі ,жаттығуға және бүкілхалықтық шараларға арналған арналған жарықтандырулар болады. Жеңімпаз атанған компания прожекторлармен қатар электр желілерінде толық ауыстырады.Осында төрт қондырғы мұнара бар.Соның біріншісін біткеннен кейін монтаж жұмыстары қанша уақытқа созылатыны толықтай белгілі болады»- дейді «Қажымұхан» атындағы орталық стадион директоры Құралбай Өкшебаев.Биыл Шымкент қаласындағы ерекше архитектуралық нысандарының бірі болып табылатын «Қажымұхан» атындағы орталық стадионға 50- жыл толады.

авторы: Iлияс Жолдас

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*