Мақтааралда жаңа тіс емханасы пайдалануға берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – ұлттық жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алып, Мақтаарал ауданындағы Асықата кенті әкімдігінен қолдау тауып 2017 жылдың 13 шілдесі күні «AR — MED» медицина орталығының ашылды.Жеке кәсіпкер Арынбаев Нурлан өз қаражатымен Асықата кенті Казыбек би көшесінен медицина орталығын халыққа пайдалануына беріп отыр. Тіс емханасының салтанатты ашылуына келушілердің қарасы қалың болды. Халыққа осындай пайдалы әлеуметтік медициналық орталықтың ашылғандығына жергілікті тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлап отыр. Себебі, осы мекемеде көрсетілетін медициналық емдеулер алу үшін ұзаққа бармай-ақ, тұрғылықты жерде де ем қабылдауға болады. Денсаулық сақтау мекемесінің ашылуына орай, жергілікті халық жеке кәсіпкерге алғыстарын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Тұрғындар бұл бастамас басқа да кәсіпкерлерге үлгі болса дейді. Олар кәсіпкерлерді аймақта әлеуметтік нысандарды көптеп ашуға шақырды. Қазіргі таңда, медицина орталығы 12 адамды жұмыспен қамтып, халыққа қызмет көрсетіп бастағанын айта кетейік.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*