«ОҢТҮСТІК» АИО жарты жылда 2000-ға жуық жобаға қолдау көрсетті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді.  Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған. Нәтежиесі де жаман емес. Осының арқасында күні бүгінге дейін облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері   4,9 млрд. теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд. теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд. теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылып,  128,2 млн. теңгені құрайтын 7  ауыл шаруашылық техникасы лизингке  берілген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*