Отырар аудандық жергілікті полицияның бастығы қоғамдық кеңесте есеп берді

Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Медет Бөрібеков 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІ сеьзінде 5-институттық бағдарлама ұсынып, осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында нақты 100 қадам белгіленген болатын. Бағдарламаның 30 қадамында жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру көзделген. Осыған сәйкес ҚР Үкіметінің 2015 жылғы қаулысымен ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережесі белгіленіп, құқықтары мен міндеттері бекітіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіле бастады. Отырар аудандық ішкі істер бөлімінде осы жүйе енгізілгелі жергілікті полиция қызметі қарқын алып, есепті мерзімде жүргізілген жұмыстар нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 147 пайыздан 106 пайызға кеміген. Мұнан соң мінберге шыққан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әділхан Махатай «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін іске асырылуы мен міндеттері туралы айтты.
Жиын барысында аталған мәселелер бойынша кеңес мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Жиын соңында кеңес мүшелері екі баяндамашының есептеріне оң бағаларын берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*