Отырарлықтарға әлеуметтік медициналық сақтандыру кеңінен түсіндірілді

Отырар ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде келелі жиын өтті.  Аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов төрағалық еткен жиынға ауыл тұрғындары және медицина мамандары қатысты. Көпшілік алдында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде арнайы баяндама жасаған аудандық орталық емхананың бас дәрігері Файзулла Шырынбеков медициналық сақтандыру әлемнің көптеген елдерінде халық үшін жемісті жұмыс атқарып келе жатқандығын, аталмыш жүйе арқылы азаматтар медициналық көмекті жан-жақты алуға қол жеткізетіндігін нақты мысалдармен сөз етті.
Тұрғындар тарапынан медициналық сақтандыруға байланысты туындаған сауалдарға сала мамандары нақты жауаптар қайырды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары көпшілікке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі жөнінде тілге тиек етіп, тұрғындарды аталмыш жүйені қолдауға және біркісідей насихаттауға шақырды.
Жиыннан соң аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және аудандық емхананың қызметкерлері орталықтағы «Береке» базарына барып, ондағы сатушылар мен сатып алушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп арнайы көрнекіліктер мен кітапшалар таратты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*