Отырардағы 4 ауылдық округте әкім сайлауы өтеді

Ел басқаруда адамзат баласының ойлап тапқаны және бүгінге дейін қолданып келе жатқан жүйесі – демократиялық жүйе. Сайлау – осы демократиялық жүйенің жарқын бір көрінісі.
Елімізде ауыл әкімдерін сайлау төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Биыл Отырар ауданындағы өкілеттігі аяқталған сегіз ауыл округтерінде ауыл әкімдерін сайлауы өтеді. Әкімдіктен үміткерлерді аудан әкімі іріктеп, әр ауыл округтеріндегі қоғамдастық мүшелерімен келісе отырып, аудандық мәслихатқа ұсынғанын айта кеткен жөн. 


Осыған орай, Отырар ауданың әкімі Ерлан Айтаханов төрт ауыл округінде, атап айтсақ, Отырар, Қарғалы, Ақтөбе және Шілік ауыл округтерін аралап, әкімдікке лайықты деп тапқан үміткер-азаматтарды қоғамдастық мүшелері мен ауыл тұрғындарына таныстырды. 
Жиында әр кандидатты таныстырудан соң жиынға қатысушылардың үміткерлер туралы пікір – ұсыныстарын мұқият тыңдаған аудан басшысы өзіне сенім білдіріп, елдің бірлігі мен ынтымағын қолдаған тұрғындарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*