Отырарда ауданның әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері кеңінен талқыға түскен келелі жиын өтті

Отырар ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бірінші болып ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы және жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы Р.Бекқұлының есебін тыңдады. Үшінші мәселе бойынша Т.Шохаев нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде баяндады. «Тазалық — денсаулық кепілі» демекші ауыл мен аулалардың тазалығы өзімізге керек. Осы мәселе жөнінде аудан көлемінде күл-қоқыс қалдықтарын тастайтын орындардың (полигондар) қазіргі жай-күйі және оларды ретке келтіру жұмыстары туралы А.Құдайберген айтып өтті. Аудан басшысы мамандардың есебін мұқият тыңдай келе, атқарылған жұмыстардың кемшін тұстарын атап өтіп, осы мәселелерге жауапты ауыл әкімдері мен сала басшылары кемшіліктерді уақыт оздырмай түзетулері керек екенін баса айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*