ОҚО әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Арыста жиын өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» бекітілген болатын. Аталған Жарлықтың талаптарын орындау мақсатында, облысымызда «Әдеп жөніндегі уәкіл» лауазымы енгізіліп, өз қызметін бастағанын айта кеткен жөн.Осы орайда, Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі – Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарындағы облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы Арыс қаласындағы мемлекеттік қызметшілерге және жергілікті мәслихат депутаттарына Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы бойынша жиын өткізгенін айта кету керек. Осыған орай, жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы мемлекеттік қызметшілерге және қалалық мәслихат депутаттарына Әдеп Кодексінен туындайтын талаптарын кеңінен түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына заң аясында тұщымды жауаптар беріп өтті.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*