ОҚО-да ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ашылған әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығында қажетті мамандар қызмет көрсететін болады

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ашылғанәлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы сектор ғимараты қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген. Мұнда қабылдау және дәрігер бөлмесімен қатар  қажетті құралдармен жабдықталған  психолог, тренинг, егу кабинеттері жұмыс істейді.  Ашылған орталық болашақта барлық мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын профилактика жұмыстарын үйлестіретін бірден-бір орган болмақ.«Бүгінде барлық қызмет түрлері облыс орталығында орналасқан. Осындай орталықтарды аудандардан ашудағы негізгі мақсатымыз – ауыл тұрғындарына көмек қолын созу болатын. Біз ауыл тұрғындарының жан-айқайын, негізгі мәселелерінен хабардар болып отыруымыз қажет. Бүгінде отбасылық жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алған кезеңі. Сондықтан осындай орталықтар түрлі жағдайда қиындыққа душар болған әйелдер қауымына көмек көрсететін болады», — деді жоба жетекшісі «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының жетекшісі  Салтанат Тұрсынбекова.Айта кетейік, дәл осындай орталық Сарыағаш ауданында да ашылған болатын. Бір айдың аралығында орталық 50-ге тарта азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілген. Шара барысында «Өз бақытың өзіңнің қолыңда» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында әйелдер қауымына арналған түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

       

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*