ОҚО республикадағы облыстар ішінде алғаш болып Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өңірдің фото-көрмесін ұйымдастырды

Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Бұл халықаралық дәрежедегі алаңшада ішкі және сыртқы бағыттағы туризмді дамытуға, шетелдік туристердің қызығушылығын тудыруға жақсы мүмкіндік. Сол себепті, көрмеге қойылған 25 фото суреттің ішіне  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де енген. Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болыпты.  Басқарманың идеясына Ontustik Tourism  және «Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы» қолдау білдіргенін айта кеткен жөн.«Мақсатымыз — Оңтүстік Қазақстанды бүкіл әлем қызығатын туристік өлке ретінде таныту. Бір белгілісі — Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облысының бұл тұстағы әлеуеті өте кең. ЭКСПО-2017 көрмесі осы әлеуетті дамытуға көмектеседі деп сенеміз» дейді ұйымдастырушылар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*