Мақтааралда «Отабсындағы зорлық-зомбылықсыз-Қазақстан» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр

ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Мақтарал ауданында жылжымалы медициналық мобильді әмбебап көлігі тұрғындарға түрлі медициналық көмектер көрсетуде. Атап айтсақ, жылжымалы медициналық көлікте терапевт, окулист, хирург, невропатолог, стоматолог және гинекологтан құралған дәрігерлер тобы аудан тұрғындарын емдеп жатыр. Бұл медициналық әмбебап көлік лабороториямен, рентген түсіру және стоматология құралдарымен т.б. медициналық құралдармен жабдықталған.«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан» жобасы аясында біз аудан орталығына алыс орналасқан елді мекендерді аралап жүрміз. Мықты, білікті мамандандырылған дәрігерлер тұрғындарға қызмет көрсетуде. Бір жағынан медициналық, психологиялық қызметтер көрсетсек, екінші жағынан ағарту жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Мәселен, санитарлық-гигеналық тазалық жөнінде, одан бөлек неше түрлі аурулардың алдын алу жөнінде тұрғындарға кеңес берудеміз. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге, балаларға құқықтарын түсіндірудеміз» — дейді дәрігер Назипа Алиева.
Күніне 50-ден астам адам қабылданып, тұрғындар медициналық жәрдем алуда. Жылжымалы медициналық көлік Асықата, Мырзакент, Атакент кенттерінің шалғай аумақтарының барлығын аралап шықты. Бүгінде аудан орталығы Жетісай қаласында қызмет көрсетуде.Медициналық қызметті пайдаланушылардың қарасы көп. Солардың бірі Мақталы ауылдық округінің тұрғыны Мастура Азизова: «Қарт адамдар аурушаң болады ғой. Жол жүріп, аудандық ауруханаға барып келу біздер үшін қиынның қиыны. Осындай медициналық қызметтер көрсетіп, халқын аялап жүрген мемлекетімізге рахмет!» — дейді.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*