МӘМС жүйесі – тиімді жүйе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бес институционалдық реформасының 80-қадамында міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесін енгізуді тапсырғаны естеріңізде болар!? Елбасымыздың реформасын жүзеге асыру мақсатында Отырар ауданында мемлекет жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру мәселелерін насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді.Осыған орай, осындай келелі жиындардың бірі Талапты ауылы мен Қарғалы елдімекенінде, Қоғам ауылында, Отырар ауыл округтерінде жалғасын тапты. Отырар ауданы әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов бастаған насихаттық топ тұрғындармен кездесудеөткізіп,  реформа аясында жүзеге асырылып отырған МӘМС-ды еңгізудің тиімділігі жөнінде тәптіштеп айтып берді. Сонымен қатар, заңнамалардағы өзгерістерге байланысты жан-жақты түсіндірме беріп өткенін де айта кеткен жөн. Мұнан өзге ауыл  тұрғындарының көкейлерінде көптен жүрген түрлі сауалдарына да жауап берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*