ОҚО-дан қш жылда «Серпін-2050» бағдарламасымен 5 мыңнан астам түлек өзге өңірлерге оқуға түскен

Оңтүстік Қазақстан облысынан соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына 5627 түлектің 4698-і  жоғары оқу орнына түсіпті. Ал, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырған. Яғни, 2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына 1050 грант бөлініп, 540 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы 5000 грант бөлініп өңірімізден 2580 түлек оқуға түскен. Ал 2016 жылы 3162 грант бөлініп, 1578 талапкер грант иегері атанған.Биыл осы жоба аясында Оңтүстік Қазақстан облысында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына  4513 грант бөлініп отыр.  Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отырғанын айта кету керек. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба аясында білім алып жатыр.  Алғашқы қатысушылар диплом алып, сол өңірлерде өз күшімен жұмысқа орналасып үлгерген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*